- Басты бет
- FCHAIN-де жаңа деңгейге! - FCHAIN
FCHAIN-де жаңа деңгейге! - FCHAIN
FCHAIN Қазақстан ұжымы қуанышты жаңалықтармен бөліседі!
Біздің әріптестеріміз мансап жолында маңызды қадам жасап, лайықты түрде жоғары лауазымға көтерілді:
• Мұхтар Мөлдір – 17.12.2024 ж. әкімші ретінде командаға қосылған, бизнес-даму маманы лауазымына көтерілді
• Ажар Нақыпбек – 01.02.2024 ж. кіші есепші ретінде жұмысын бастаған, есепші лауазымына көтерілді
• Бахытгүл Рүстемова – 22.04.2024 ж. кіші есепші ретінде жұмысын бастаған, есепші лауазымына көтерілді
• Тоғжан Балабаева – 23.04.2025 ж. есепшілік тағылымдамадан өтуші ретінде қосылған, кіші есепші лауазымына көтерілді
Олардың әрқайсысы өз ісіне адалдық, кәсібилік және өсуге деген ұмтылысын көрсетті.
Бүгін олар FChain-мен бірге жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Бұл – жай ғана мансаптық өсу емес, бұл күнделікті еңбектің, жауапкершіліктің және ортақ іске деген сенімнің нәтижесі.
Біз алда жаңа белестер мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз. Құттықтаймыз және шабыт, сенім мен одан да зор кәсіби табыстар тілейміз!
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз