career

Еңбекақыны есептеу

Қызметкерлермен тұрақты есеп айырысуды басқару – кез келген бизнестің маңызды құрамдас бөлігі, себебі қызметкерлерге жұмысты сапалы орындау үшін уәждеме қажет, ал жалақы алу – ең жақсы ынталандыру. Біздің компанияның мамандары кезкелген қызметкерлер саны бар кәсіпорындар үшін жалақы қорын есептеуге көмектеседі.  Сіздің кәсіпорныңызда енгізілген есептеулердің, ұстап қалудың, көтермелеудің кез келген түрлерін біз жедел, ашық, толық және дәл есептейміз. Біздің компаниямызбен тиімді шарттармен ынтымақтасу сізге дұрыс есептелмеген салықтар мен ЕТҚ-нан (еңбекақы төлеу қоры) жарналарға байланысты тиісті органдарға бұрмаланған есептілікті беретін кәсіпорындардың меншік иелері үшін көзделген айыппұлдар мен жауапкершіліктен құтылуға көмектеседі. Бірақ есеп айырысудың күрделілігі біздің компания көрсететін қызметтердің құнын арттыруға әкеп соқпайды. Негізгі пакетке шаруашылық қызметті тиімді жүргізу үшін сіздің кәсіпорныңызға қажетті барлық қызметтер кіреді.

Еңбекақы есептеу бойынша қызметтер

Еңбекақыны есептеу, алымдар мен салықтарды есептеу бойынша қызметтер, есептерді қалыптастыру және тапсыру – бұл біздің мамандарымыз меншік иесі үшін бизнес-ортада құнды уақытты босатып, өзіне алуға дайын қызметкерлерді тиімді басқару жүйесінің бір бөлігі. Жалақыны есептеудің аутсорсинг жүйесі – кадрлық әкімшілендіру жөніндегі жобалармен бір кешенде жоғары нәтижелерге кепілдік беретін тамаша кешенді шешім. Сайтта көрсетілген байланыс деректер бойынша хабарласып компаниямыздың кәсіпқойларына еңбекақыны есептеуді сеніп тапсырыңыз, және бизнесіңіздің тиімділігі арттыруына күмәнданбаңыз. Жеке тәртіп бойынша анықталатын қолайлы бағалар бойынша аутсорсинг қызметтерінің ауқымды спектрі сізге кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын есептеуді ғана емес, жалпы менеджментті жақсартуды ретке келтіруге мүмкіндік береді. Мұндай ұсынысты біздің жүздеген клиенттеріміз пайдаланып жүр, сондықтан бұл шын мәнінде жұмыс істейді. Жоғары кәсіпқойлық, біздің клиентіміздің кез келген тілектеріне жедел жауап беру, оның мүдделерін қатаң ұстану, икемді баға саясаты және жұмыстың абсолюттік ашықтығы – егер сіз жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтасуға дайын болсаңыз, бұны біздің мамандарымыз сіздерге тап өазір-ақ ұсына алады.

Жай ғана бізбен хабарласыңыз, және біз сізге дәл осы сіздің компанияңызға қажеттіні таңдауға көмектесеміз.  Біз ұсынған нұсқалардың қайсысын таңдамасаңыз да, F-Chain – сіздің бизнесіңіздің тиімділігін арттырудың сенімді жолы.

© Copyright 2016, All Rights Reserved. Powered by Financial Chain Corporation