Заңгерлік қызметтер
Кез келген келісімшарттармен жұмыс істеу, соның ішінде АХҚО қатысушыларымен жұмыс істеу
- Кез келген келісімшарттарды үш тілде дайындау (қазақ, орыс, ағылшын).
- Клиенттің келісімшарттарымен жұмыс істеу – түзету, өзгерістер енгізу, кеңес беру.
- Келісімшарттарды заң тұрғысынан талдау, келісімшарттардың кез келген талаптарына өзгерістер енгізу және соған байланысты қосымша келісімдер әзірлеу.
- Бейрезиденттермен жасасқан келісімшарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына бейімдеу.
- Келісімшарттарды жасасумен, орындаумен, өзгертумен және бұзумен байланысты сотқа дейінгі дауларды шешу.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу (медиация)
- Дауларды сотқа дейінгі реттеу – дауларды сотты қатыстырусыз реттеудің тиімді әдісі. Біздің компания дауларды медиация органдарында шешу процесімен байланысты барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асырады.


