Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында даулы жағдайлар жиі туындап отырады. Көбінеки мұндай жағдайлар үлгілік / сапасыз шарт жасасудың немесе арам пиғылды контрагенттің салдарынан жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің бұзылғанын білдіреді.
Құқықтары бұзылған адамдардың көпшілігі оларды қорғау үшін сот немесе құқық қорғау органдарына жүгінеді. Немесе мәселені озбырлықпен өз бетімен шешуге тырысады, бұл жағымсыз немесе тіпті қылмыстық салдарға, залалдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда дауды шешудің анағұрлым қарапайым әрі үнемді тәсілі – даулы жағдайларды дауды сотқа дейін шешу жолымен реттеу тәсілі – медиация назардан тыс қалып жатады.