- Басты бет
- 2026 жылғы жеке табыс салығы
2026 жылғы жеке табыс салығы
2026 жылғы жеке табыс салығы
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көзделген өзгерістер күшіне енеді. Негізгі жаңалықтардың бірі – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша бұрын қолданылып келген «стандартты шегерімнің» «базалық салықтық шегерімге» ауыстырылуы және оның мөлшерінің айтарлықтай ұлғаюы.
ЖТС бойынша салықтық шегерімдегі өзгерістер
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 403-бабына сәйкес, 2026 жылдан бастап 14 АЕК мөлшеріндегі стандартты шегерім (2025 жылы – 55 048 теңге) жойылып, оның орнына 30 АЕК мөлшеріндегі базалық салықтық шегерім енгізіледі. 2026 жылға 1 АЕК мөлшері 4 325 теңге болып белгіленгендіктен, базалық салықтық шегерім айына 129 750 теңгені құрайды. Кейінгі жылдары шегерім сомасы тиісті жылға белгіленген АЕК мөлшеріне сәйкес қайта есептеліп отырады.
Шегерімді жыл бойы қолдану тәртібі
Базалық салықтық шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Бұл ретте бір күнтізбелік жылдағы базалық шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 360 АЕК-тен аспауға тиіс. Бұрын бұл шек 168 АЕК болған, яғни 2026 жылдан бастап жылдық лимит екі еседен астам ұлғайтылды.
Салық агентінің шегерімдерді қолдану тәртібі
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 437-бабына сәйкес, базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдер төлем көзінен салық агенті арқылы жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші негізінде қолданылады. Әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері қажет. Осыған байланысты жұмыс берушілер үшін қызметкерлерден өтініштерді уақтылы қабылдау, қажетті құжаттарды жинау және еңбекақыны есептеу жүйелерін жаңа талаптарға сәйкес дұрыс баптау маңызды.
FChain қалай көмектеседі
FChain жұмыс берушілер мен бухгалтерлік қызметтерге 2026 жылғы өзгерістерге алдын ала дайындалуға және есептеулердегі қателік тәуекелдерін азайтуға көмектеседі. Біз өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау процестерін ұйымдастыруға, салықтық шегерімдерді қолдану бойынша кеңес беруге, сондай-ақ еңбекақыны есептеу алгоритмдері мен бақылау тетіктерін жаңа Салық кодексінің талаптарына сәйкес жаңартуға қолдау көрсетеміз.
Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
2026 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы мөлшерлемесі өсті
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
16 қаңтар 2026 жыл
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз