Келісім-шарттарды жасау

Қазіргі уақытта бизнесті жүргізу қалай болғанда да тараптардың өзара қарым-қатынастарын ұйымдастырумен байланысты. Кез келген елдің бизнес ортасында келісім-шарт өзара әрекеттесудің ажырамас бөлігі болып табылады, шарт жасасу әртүрлі тараптардың өзара қарым-қатынастарын барынша қауіпсіз етіп құруға мүмкіндік береді.

Келісім-шарт не үшін қажет? Келісім-шарттың көмегімен әр тараптың құқықтары мен міндеттерін, мерзімін, ақы төлеу талаптарын және басқа да көптеген маңызды талаптарды егжей-тегжейлі белгілеп отыруға болады, бұл алдағы уақытта айтыс-тартыстарды немесе тіпті соттық дауларды айналып өтуге септігін тигізеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанда тараптардың өзара жасасқан шартымен реттелмейтін мәміленің ықтимал жағымсыз салдарын жоюға шығындалғанша, сапалы шарт әзірлеуге шығындалған әлдеқайда тиімді. ҚР-да шарт жасасу мәмілелердің тараптардың арасында алдын-ала келісілген талаптардың нақты фазасы бойынша жүріп отыруына мүмкіндік береді, нәтижесінде дау туындаған жағдайда көптеген келіспеушіліктер жойылады.

Келісім-шарт жасасу кезіндегі ең көп кездесетін қателік – үлгілік шартты қолдану. Әрбір мәміле мен шарт жекедара сипатқа ие, дәл сол себептен шарттың үлгілік нысанын қолданған дұрыс емес. Үлгілік шарт көп жағдайларда келісуші Тараптардың нақты мүдделеріне сай болмауы мүмкін, соның салдарынан тараптардың заңды құқықтары қорғалмайды. Егер шартта елеулі талаптардың тобы (шарттың тақырыбы (мәні)), құны және т.б.) белгіленбеген болса, талаптар толық көрсетілмеген шарттың үлгілік нысанның қолданылуына байланысты шарт жасалмаған деп санауға болады. Шарттың болғаны емес, сауатты түрде әзірленген заңды құжаттың болғаны маңызды. 

Шарт жасасу кезінде өз-өзіңізді тәуекелдерден қалай қорғауға болады? Оның бір ғана жауабы бар – мәмілеге арнап оның барлық жекедара талаптарын ескеретін сапалы шарт әзірлеу. Мысалы, егер мердігер құрастырған (салған) конструкция құлауы (қирауы) мүмкін болса, шартта жұмыстың сапасына қатысты талаптар, тапсырыс беруші орындалған жұмыстарға талап қоя алатын кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс, сондай-ақ жұмыстар тиісті түрде орындалмаған жағдайда оның жағымсыз салдарын барынша азайтатын, процесті басқаруға арналған құралдар міндетті түрде жазып көрсетілуі тиіс. Қызмет көрсету және тауарларды жеткізумен байланысты жағдайларда да осыған ұқсас талаптар орындалуы тиіс.

«FChain» тәжірибелі заңгерлер командасы Сізге келешекте контрагентпен келісілген талаптардың бұзылу тәуекелін болдырмайтын және кез келген мәміленің ойдағыдай аяқталуына айтарлықтай әсер ететін бірқатар рәсімдерді жүзеге асыруды ұсынады.

Біздің қызметтерімізді пайдалану арқылы Сіз төмендегілерге ие боласыз:

  • Кез келген түрдегі мәмілелерге арналған шарттың жекедара жобасын әзірлеу;
  • Жоспарланған мәміле шеңберінде құқықтық кеңес беру;
  • Сізді даулы жағдайлар туындаған кезде көп жағдайларда қорғайтын шарт жасасу үшін, Контрагенттермен мәмілелерде кіріптарлық нормаларды егжей-тегжейлі даулау және әділ нормаларды қолдану.

 

Біз Қазақстанда кез келген күрделілік дәрежесіне ие, кез келген қызмет түріне арналған шарттарды, АХҚО қатысушыларына арналған шарттарды, үштараптық және халықаралық мәмілелерге арналған шарттарды әзірлеу бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуді, ұсынамыз.

Біз Қазақстанда кез келген күрделілік дәрежесіне ие, кез келген қызмет түріне арналған шарттарды, АХҚО қатысушыларына арналған шарттарды, үштараптық және халықаралық мәмілелерге арналған шарттарды әзірлеу бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуді, ұсынамыз.

Кеңес алу немесе шарт әзірлеу туралы өтініміңізді almaty@f-chain.com сайтында қалдырыңыз, біз сізге тез арада жауап береміз! Көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейдегі сапасы мен тиімді бағалар – біздің кәсіби ерекшелігіміз.

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз