• Басты бет
  • 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация

2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация

2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгенін еске салады. Аталған кодексте үш арнайы салық режимі (АСР) көзделген:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
  • Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
  • Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған АСР (ШҚ)

Салық режимін 2026 жылғы 1 наурызға дейін таңдау немесе растау қажет, әйтпесе салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылуы мүмкін.

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшу

Оңайлатылған декларацияны қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынуға міндетті.
Егер хабарлама ұсынылмаса, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей режимге ауыстырылады.

Хабарламаны ұсыну тәсілдері:

  • Салық төлеушінің кабинетi арқылы (ИС ИСНА → «Құжаттарды ұсыну» → «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама»);
  • E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы (сервис → «ЖК салық режимін өзгерту»);
  • орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (қағаз түрінде);
  • банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

2025 жылдың соңында «ауысу» себебімен хабарламаны қате тапсырған салық төлеушілер оны қайта ұсынуы қажет. 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап жүйеде «ауысу» себебімен хабарламаны қайта тапсыру мүмкіндігі қолжетімді.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ге көшу

2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылы:

  • патент негізіндегі АСР-ді;
  • арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ді

қолданған жеке кәсіпкерлерді жеке кәсіпкер ретінде есептен автоматты түрде шығарады.

Есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі, сонымен қатар есептен өз бетінше шығу туралы өтініш беру құқығы сақталады. Егер салық төлеуші басқа салық режимін таңдап, хабарлама тапсырған болса, есептен шығару жүргізілмейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолданудың басталу күні e-Salyq Business мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып саналады.

 

Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған АСР-ге көшу

Бұл режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.

 

FChain кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қалай көмектеседі

FChain салық заңнамасындағы өзгерістер кезеңінде бизнесті сүйемелдейді және жаңа режимдерге тәуекелдер мен айыппұлдарсыз көшуге көмектеседі.

FChain арқылы сіз:

  • оңтайлы салық режимін таңдау бойынша кеңес;
  • хабарламаларды тапсыруға және деректердің дұрыстығын тексеруге көмек;
  • есеп жүргізуді автоматтандыру және салық міндеттемелерін бақылау;
  • ҚР Салық кодексінің талаптары бойынша өзекті ақпарат аласыз.

Біз күрделі салық мәселелерін өз мойнымызға аламыз, ал сіз бизнесіңізді дамытуға назар аударасыз.

FChain – салықтар мен қаржылық есеп саласындағы сенімді серіктесіңіз.

 

Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

 2026 жылдан бастап статистикалық және салықтық есептіліктегі өзгерістер

 

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

20 қаңтар 2026 жы

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз