• Басты бет
  • 2026 жылғы әлеуметтік төлемдердегі өзгерістер

2026 жылғы әлеуметтік төлемдердегі өзгерістер

2026 жылғы әлеуметтік төлемдердегі өзгерістер

2026 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын айлық табыстың ең жоғарғы шегі өзгереді. Тиісті түзетулерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 14 шілдеде қол қойды.

 

Қандай өзгерістер болады?

Бастапқыда Үкімет МӘМС бойынша аударымдар мен жарналарды есептеу шегін 50 ең төменгі жалақы деңгейінде белгілеуді ұсынған. Алайда депутаттық корпус ұсыныстарын ескере отырып, компромистік шешім қабылданды:

  • Жұмыс берушілердің аударымдары – есептеу шегі 40 ЕТЖ
  • Қызметкерлердің жарналары – есептеу шегі 20 ЕТЖ

Бұл шешім МӘМС жүйесінің тұрақтылығын сақтай отырып, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге түсетін қаржылық жүктемені төмендетуге бағытталған.

 

Қандай заң нормаларына өзгерістер енгізілді?

Өзгерістер Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына енгізіліп, келесі баптарды қамтиды:

  • 27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
  • 29-бап. Аударымдар және жарналарды есептеу үшін қабылданатын табыстар

 

Күтілетін нәтиже

МӘМС есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру келесі оң нәтижелерге әкеледі деп күтілуде:

  • азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру;
  • халық денсаулығын қорғауда ортақ жауапкершілік қағидатын нығайту;
  • денсаулық сақтау саласына қосымша инвестициялар тарту;
  • медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

 

FChain қалай көмектеседі?

FChain компаниялар мен мамандарға өзгерістерге алдын ала дайындалуға көмектесіп, қателіктер мен айыппұл тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді:

  • МӘМС бойынша жаңа шектерге сәйкес есептеулер мен жүйелік баптауларды жаңартамыз;
  • қызметкерлер бойынша есептеулердің дұрыстығын тексеріп, түсінікті есептер қалыптастырамыз;
  • жалақы және бухгалтерлік есеп процестерінде есептеулерді автоматтандырамыз;
  • өзгерістерді тәжірибеде қолдану бойынша кәсіби кеңес береміз, оның ішінде шектен асатын табыстарды есептеу ерекшеліктері.

FChain – заңнамалық өзгерістерге дайын, ашық және дәл есеп жүргізудің сенімді серіктесі.

Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

 2026 жылдан бастап ЖТС пен әлеуметтік төлемдерді төлеудің жаңа ережелері 

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан
19 желтоқсан 2025 жыл

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз