- Басты бет
- 2026 жылғы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер - FCHAIN
2026 жылғы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер - FCHAIN
2026 жылғы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне (348-бап) сәйкес корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдерге қатысты өзгерістер күшіне енді. КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер – алдыңғы салық кезеңінен бұрынғы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып есептелген жиынтық жылдық табысы 600 000 АЕК-тен асатын заңды тұлғалар. Алайда, аванстық төлемдерді төлеу міндеті туындамайтын жағдайлар бар.
- Табысы төмен салық төлеушілер
Келесі шарттарға сәйкес келетін компаниялар аванстық төлемдерді төлеушілер болып саналмайды:
- Тиісті кезең үшін түзетулерді ескере отырып есептелген жиынтық жылдық табысы 600 000 АЕК-тен аспайтын (2026 жылы – 2 595 000 000 теңге) салық төлеушілер.
Бұл табыс деңгейі төмен шағын және орта бизнес субъектілерінің КТС бойынша аванстық төлемдерден босатылатынын білдіреді.
- Жаңадан құрылған салық төлеушілер
Жаңадан тіркелген салық төлеушілер:
- Мемлекеттік (есептік) тіркеу жүргізілген салық кезеңі ішінде аванстық төлемдерді төлемейді;
- Сондай-ақ тіркеуден кейінгі келесі салық кезеңінде де төлемейді.
- Жаңадан тіркелген бейрезиденттер
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы, бірақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай қызметін жүзеге асыратын және салық органдарында жаңадан тіркелген заңды тұлға-бейрезиденттер:
- Тіркелген салық кезеңінде және одан кейінгі келесі салық кезеңінде аванстық төлемдерді төлеуден босатылады.
- Коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ)
Салық кодексінің 329-бабының 1-тармағын және 330-бабын қолданатын кейбір коммерциялық емес ұйымдар:
- КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу міндетінен босатылады.
- Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары
Салық кодексінің 331-бабына сәйкес тіркелген мүгедектігі бар адамдар ұйымдары:
- КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер болып табылмайды.
- Заңды тұлғалардың арнайы санаттары
Төмендегі ұйымдар да аванстық төлемдерді төлеуден босатылады:
- Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым;
- «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Орталықтың органдары мен АХҚО ұйымдары;
- Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықтағы газ жобаларын іске асыратын және Салық кодексінің 83-тарауында көзделген салық салудың ерекшеліктерін қолданатын жер қойнауын пайдаланушылар.
Бұл бизнеc үшін неліктен маңызды
Компанияңыздың КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер қатарына жататынын немесе жатпайтынын білу – салық жүктемесін оңтайландырумен қатар, 2026 жылға қаржылық ағындар мен бюджеттік міндеттемелерді дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.
FChain қалай көмектеседі
FChain – Қазақстандағы бизнеске салықтық сүйемелдеу көрсететін сенімді серіктес. Біз:
- Компанияңыздың 2026 жылы КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеу міндеті бар-жоғын анықтаймыз;
- Барлық қажетті салық есептілігін және есептеулерді дұрыс дайындауға көмектесеміз;
- Есептеулердегі қателіктер немесе мерзімін өткізіп алу салдарынан болатын айыппұлдар тәуекелін азайтамыз;
- Қолданыстағы Салық кодексі мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәжірибесін ескере отырып, салық жүктемесін оңтайландырамыз.
FChain-мен бірге сіз салық міндеттемелеріңіздің заңнамаға толық сәйкес, дәл әрі уақытында орындалатынына сенімді боласыз.
Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Бизнес үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
26 қаңтар 2026 жыл
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз