• Басты бет
  • 2026 жылы жеке кәсіпкерді қалай дұрыс жабу керек - FCHAIN

2026 жылы жеке кәсіпкерді қалай дұрыс жабу керек - FCHAIN

2026 жылы жеке кәсіпкерді қалай дұрыс жабу керек

 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оның аясында тіркелген шегерім қолданылатын режимді, бөлшек салықты және басқа да арнайы салық режимдерін қоса алғанда, арнайы салық режимдері жойылады. Арнайы салық режимдерінің жойылуына байланысты 2025 жылы осы режимдерді қолданған кәсіпкерлер үшін 2026 жылы жаңа салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, қызметін дұрыс тоқтату мәселесі туындайды.

 

Өзгерістер кімдерге қатысты

Жаңа ережелер 2025 жылы арнайы салық режимдерін қолданған және 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған салық төлеушілерге қолданылады. 2026 жылдан бастап жойылған арнайы салық режимдері бойынша салық есептілігінің нысандары қолжетімсіз болатынын ескеру маңызды. Сондықтан жеке кәсіпкерді жабу алдын ала әрекеттерді талап етеді.

 

2025 жылға арналған салық есептілігін тапсыру

Алғашқы қадам – 2025 жылдың соңғы есепті кезеңі үшін кезекті салық декларациясын тапсыру. Қолданылған салық режиміне байланысты 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін немесе 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін декларация тапсыру қажет.

 

2026 жылдан бастап салық режимін таңдау туралы хабарлама

Кәсіпкерлік қызметті дұрыс тоқтату үшін қолданылатын салық режимі туралы хабарлама тапсыру қажет. Хабарламада оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшу көрсетіледі. Көшу себебі ретінде ерікті түрде қабылданған шешім көрсетілуі тиіс. Таңдалған салық режимін қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі. Аталған хабарлама болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қарауға қабылданбайтынын ескеру қажет.

 

Жеке кәсіпкер қызметін тоқтатуды рәсімдеу

Алдыңғы қадамдар орындалғаннан кейін жеке кәсіпкерді жабу тікелей рәсімделеді.

  1. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беріледі.
  2. Одан кейін тарату салық есептілігі ұсынылады:
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін00 нысаны,
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған кезде 2026 жылдың бірінші тоқсаны үшін немесе 2026 жылға арналған салық есептілігі тапсырылады.
  1. Қажет болған жағдайда салық органдары сұрататын қосымша құжаттар ұсынылады.

 

Жеке кәсіпкерді рәсім талаптарын сақтай отырып жабудың маңыздылығы

Белгіленген тәртіпті сақтамау, салық режимін таңдаудағы қателіктер немесе міндетті хабарламаларды тапсырмау жеке кәсіпкерді жабудан бас тартуға, салық берешегі мен айыппұлдардың есептелуіне, сондай-ақ мемлекеттік органдарда кәсіпкер мәртебесінің сақталуына алып келуі мүмкін.

 

FChain кәсіпкерлерге қалай көмектеседі

FChain компаниясы жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, кәсіпкерлік қызметті дұрыс тоқтатуға көмектеседі. FChain мамандары салықтық жағдайды талдайды, қажетті есептілікті дайындап тапсырады, жеке кәсіпкерді жабу процесін сүйемелдейді және 2026 жылғы салық салу мәселелері бойынша кеңес береді. Бұл кәсіпкерлерге қателіктерден, тәуекелдерден және артық қаржылық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

 Оңайлатылған режимдегі жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті ме?

 

Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

 Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

02 ақпан 2026 жыл

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз