• Басты бет
  • Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек: хабарламалардың жаңа нысандары - FCHAIN

Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек: хабарламалардың жаңа нысандары - FCHAIN

Әлеуметтік төлемдер бойынша берешек: хабарламалардың жаңа нысандары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығымен берешек сомасы туралы хабарламалар нысандарына және мемлекеттік кірістер органдарының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдеріне өзгерістер енгізілді. Бұйрық 2026 жылғы 6 ақпаннан бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Жаңартылған хабарлама нысандары

Жаңа редакцияда келесі хабарлама нысандары бекітілді:

  • Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша берешек сомасы туралы хабарлама;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама.

Хабарлама қашан жіберіледі

Қазақстан Республикасының:

  • Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 2-тармағына;
  • «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес,

мемлекеттік кірістер органдары берешек сомасы туралы хабарламаны төлеушіге немесе агентке, егер берешек сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 6 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, жібереді.

Хабарлама берешек пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі тиіс:

  • әлеуметтік аударымдар бойынша – төлеушіге;
  • МЗЖ, ЖМЗЖ және МКЗЖ бойынша – агентке;
  • МӘМС-ке аударымдар және (немесе) жарналар бойынша.

Бизнес үшін маңызды

Хабарлама нысандарының жаңартылуы әлеуметтік төлемдерді әкімшілендіру рәсімдерін біріздендіруге және нақтылауға бағытталған. Жұмыс берушілер мен бухгалтерлерге:

  • әлеуметтік және зейнетақы төлемдерінің уақтылы төленуін бақылау;
  • мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түсетін хабарламаларды қадағалау;
  • касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды қоса алғанда, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмау үшін анықталған берешекті уақтылы өтеу ұсынылады.

2026 жылғы әлеуметтік салық

 

FChain салық және әлеуметтік заңнамадағы өзгерістерді бақылауды жалғастырып, бизнеске маңызды жаңалықтар туралы хабарлап отырады.

Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

  

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

04 ақпан 2026 жыл

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз