- Басты бет
- Қазақстанда 2026 жылдан бастап бизнесті тіркеудің ережелері - FCHAIN
Қазақстанда 2026 жылдан бастап бизнесті тіркеудің ережелері - FCHAIN
Қазақстанда 2026 жылдан бастап бизнесті тіркеудің ережелері
2026 жылғы 10 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы №72 бұйрығымен бекітілген және тіркеу рәсімдерін, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылатын рәсімдерді нақтылау мен оңайлатуға бағытталған.
Негізгі өзгеріс
Негізгі жаңалық бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерге қатысты. Енді заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі өтініштерде «Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер» бөлімінде шетелдік тұлғаның өз резиденттік еліндегі сәйкестендіру нөмірін көрсетуге жол беріледі. Бұған дейін шетелдік қатысуы бар компанияларды тіркеу барысында бенефициарлардың Қазақстан Республикасында ИИН/БИН-інің болмауына байланысты қиындықтар туындайтын. Жаңа норма әкімшілік кедергілерді азайтып, халықаралық бизнес үшін тіркеу үдерісін икемдірек етеді.
Қандай өтініш нысандары жаңартылды
Енгізілген өзгерістерге байланысты өтініштердің келесі нысандары жаңа редакцияда бекітілді:
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі өтініш (құрылтайшы(лар) жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына кірмей қызметті жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда);
- Заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу жөніндегі өтініш;
- Үлгілік жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі өтініш;
- Үлгілік жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу жөніндегі өтініш;
- Үлгілік жарғы негізінде қызметін жүзеге асыратын өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу жөніндегі өтініш;
- Орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі өтініш (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына кірмей қызметті жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда).
Бұл бизнес үшін нені білдіреді
Бұл өзгерістер шетелдік құрылтайшылары немесе бенефициарлары бар компаниялар, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырған халықаралық холдингтер мен стартаптар, сондай-ақ 2026 жылғы 10 ақпаннан кейін тіркеу немесе қайта тіркеу жүргізуді жоспарлап отырған бизнес үшін ерекше маңызды. Шетелдік тұлғаның резиденттік еліндегі сәйкестендіру нөмірін көрсету мүмкіндігі құжаттарды дайындауды жеңілдетеді, мемлекеттік органдар тарапынан өтініштердің кері қайтарылуы немесе бас тарту қаупін төмендетеді және мемлекеттік тіркеу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
2026 жылдан бастап компанияны тарату және қайта ұйымдастырудың жаңа ережелері
FChain қалай көмектесе алады
FChain Қазақстанда бизнесті тіркеу және құрылымдау кезеңдерінің барлық сатысында сүйемелдеу көрсетеді. Біз заңнамадағы өзгерістерді талдап, оларды тәжірибеде қолданамыз, шетелдік бенефициарларды ескере отырып жаңартылған өтініш нысандарын дұрыс толтырамыз, тіркеу және қайта тіркеу, банктік шот ашу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру рәсімдеріне сүйемелдеу жасаймыз, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес келетін ашық меншік құрылымын қалыптастыруға көмектесеміз.
Егер сіз Қазақстанда бизнес тіркеуді жоспарласаңыз немесе құжаттарыңыздың жаңа талаптарға сәйкестігін тексергіңіз келсе, FChain командасы бұл міндеттерді өз мойнына алуға дайын.
Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
04 ақпан 2026 жыл
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз