- Басты бет
- Цифрлық активтер: салық реформасының негізгі аспектілері
Цифрлық активтер: салық реформасының негізгі аспектілері
Цифрлық активтер: салық реформасының негізгі аспектілері
2025 жылғы 4 желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Блокчейн және цифрлық майнинг қауымдастығы» өкілдерімен және криптовалюта қауымдастығымен кездесу өткізді. Келелі жиын МКК төраға орынбасары Сеилжан Ахметовтің төрағалығымен өтіп, цифрлық активтер саласындағы салықтық реттеуді жетілдіруге арналды.
Жаңа талаптар және цифрлық активтермен операциялардың ашықтығы
Кездесу барысында криптовалюта биржалары мен майнинг-пулдарынан ақпарат ұсыну тәртібін реттейтін заңға тәуелді актілерді іске асырудың негізгі нормалары түсіндірілді.
Салық есептілігінің жаңартылған нысандарына жеке және заңды тұлғалардың криптовалюта әмияндары туралы мәліметтер енгізу жоспарланып отыр. Бұл қадам:
- салық деректерінің толықтығы мен дұрыстығын арттырады;
- цифрлық активтермен операциялардың ашықтығын күшейтеді;
- нарық қатысушылары үшін анағұрлым болжамды және реттелетін орта қалыптастырады.
Жеке тұлғаларға жеңілдетілген режим және кәсіби трейдерлерге жалпы тәртіп
МКК цифрлық активтермен операцияларды жүйелі емес немесе шағын көлемде жасайтын жеке тұлғалар үшін жеңілдетілген салық салу тәртібін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Кәсіби трейдерлер үшін қаржылық нәтижелерді сальдалау ескерілетін жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолдану ұсынылады. Бұл тәсіл:
- адал салық төлеушілерге түсетін жүктемені азайтуға;
- кәсіби қызмет пен жеке инвестициялық операцияларды ажыратуға;
- салық жүйесінің әділдігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Тұрақты экожүйенің негізі – ашық диалог
Мемлекеттік кірістер комитеті салалық өкілдермен ашық диалог саясатын жалғастыруға дайын екенін растады. Нарық қатысушыларымен тұрақты коммуникация тиімді салық саясатын қалыптастырудың және Қазақстандағы цифрлық активтер экожүйесін дамытуының маңызды факторы болып есептеледі.
FChain цифрлық активтер нарығының қатысушыларына қалай көмектесе алады
Реттеулердің өзгеруі және есептілікке қойылатын жаңа талаптардың пайда болуы жағдайында цифрлық активтер бойынша дұрыс салық салу мен операцияларды құжаттық тұрғыда сүйемелдеу ерекше маңызға ие.
FChain келесі бағыттар бойынша кешенді қызмет көрсетеді:
- Цифрлық активтердің салық салуына қатысты кеңес беру. Сіздің қызметіңіздің (майнинг, трейдинг, инвестициялар, OTC мәмілелер және т.б.) ҚР салық заңнамасына сәйкестігін талдау және оңтайлы салық режимін таңдауға көмек.
- Салық есептілігін дайындау және тексеру. Криптовалюта әмияндары мен цифрлық активтер операцияларын көрсетуге арналған жаңа талаптарды ескере отырып, есептілік нысандарын әзірлеу және тексеру.
- Қызметті құрылымдау және тәуекелдерді азайту. Жеке және кәсіби қызметті ажырату, кіріс пен шығыстарды есепке алу, операцияларды құжатпен растау және салықтық тәуекелдерді төмендету бойынша практикалық шешімдер.
- Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу. МКК тарапынан келіп түскен сұрауларға жауап дайындау, түсіндірме беру, қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша сүйемелдеу.
- Қызметкерлерді оқыту және ішкі саясаттар. Цифрлық активтерді есепке алу бойынша ішкі регламенттерді әзірлеу және қаржы мен құқық бөлімдерінің қызметкерлерін жаңа талаптарға бейімдеу.
Егер сіздің компанияңыз немесе өзіңіз цифрлық активтермен операциялар жүргізсеңіз және жаңа салықтық талаптар жағдайында қауіпсіз әрі дұрыс жұмыс істеу жолдарын білгіңіз келсе, FChain KZ мамандары мемлекетпен және нарықпен өзара әрекеттесудің ашық әрі тұрақты моделін қалыптастыруға көмектесуге дайын.
Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
ҚҚС және бизнес: 2026 жылдан бастап қандай жаңалықтар күшіне енеді
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
09 желтоқсан 2025 жыл
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз