- Басты бет
- 2026 жылдан бастап салықтық есептілік нысандары
2026 жылдан бастап салықтық есептілік нысандары
2026 жылдан бастап салықтық есептілік нысандары
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі жобасы аясында, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсыныстарын ескере отырып, салықтық есептілікті айтарлықтай қысқарту көзделіп отыр.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық есептілік нысандарының саны шамамен 30 пайызға қысқарады. Сонымен қатар қолданыста қалатын нысандарға міндетті түрде толтырылатын жаңа жолдар, оның ішінде салықтық жеңілдіктерге қатысты ақпарат енгізіледі. Бұл өзгерістер салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға және салық төлеушілер үшін есептілікті жеңілдетуге бағытталған.
Мүлік салықтары бойынша есептеулерді жою
Салық кодексінің жаңа редакциясына сәйкес, мүлік салығы бойынша 701.01 нысанындағы есеп, егер салықтық міндеттемелер сомасы 1 миллион теңгеден аспайтын болса, жойылады. Мұндай жағдайда салық төлеуші 700.00 нысанындағы декларацияны жылына бір рет қана тапсырады және салықты осы декларация негізінде төлейді, қосымша есептерді ұсыну талап етілмейді.
Сондай-ақ көлік салығы бойынша 701.00 нысанындағы және жер салығы бойынша 701.01 нысанындағы есептер де жойылады. Бұл шаралар есептілік жүктемесін азайтуға және салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге, әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін, бағытталған.
Салықтық есептілік нысандарын қысқарту
Қазіргі уақытта қолданыстағы 39 салықтық есептілік нысанының кемінде 30 пайызы жойылады. Оңтайландыру аясында 101.01 және 701.00 нысандары автоматтандырылады. 180.00 нысаны 100.00 нысанына қосымша ретінде енгізіледі, 240.00 нысаны 270.00 нысанына біріктіріледі, ал 421.00 нысаны 400.00 нысанының қосымшасына айналады. 540.00 нысаны 100.00 нысанына енгізіледі, 560.00 және 570.00 нысандары 590.00 нысанына біріктіріледі. 871.00 нысаны салықтық есептілік нысандарының тізбесінен толықтай алынып тасталады, ал 911.00, 912.00 және 913.00 нысандары жойылады.
Нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру
Жаңа Салық кодексінің маңызды жаңалықтарының бірі — нөлдік салықтық есептілікті автоматты түрде қалыптастыру. Егер заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалар белгіленген мерзімде салықтық есептілікті тапсырмаса, салық органының ақпараттық жүйесі нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастырады. Мұндай есептілік нөлдік көрсеткіштермен тапсырылған болып есептеледі.
Бұл жаңашылдық төтенше жағдайлар, интернетке қолжетімділіктің болмауы немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар кезінде салық төлеушілерді қорғауға бағытталған. Сонымен бірге салық төлеуші қосымша салықтық есептілікті ұсыну құқығын сақтайды.
Есептілік үшін жауапкершілік тәсілдерінің өзгеруі
Нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру тетігінің енгізілуіне байланысты салықтық есептілікті уақтылы тапсырмағаны үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары алынып тасталады. Атап айтқанда, хабарламалар жіберу, банктік шоттарды бұғаттау және әкімшілік айыппұлдар қолданылмайды. Сонымен қатар салықтық есептілікті тапсыру мерзімін ұзарту жойылады, ал есептілікті тапсыруды тоқтата тұру баламалы негізде жүзеге асырылады.
FChain бизнеске өзгерістерге бейімделуге қалай көмектеседі
Жаңа Салық кодексіне көшу бизнестен жаңартылған есептілік нысандарына және цифрлық әкімшілендіру тетіктеріне уақтылы бейімделуді талап етеді. FChain платформасы салықтық және бухгалтерлік есепті автоматтандыру, есептілікті заңнама талаптарына сәйкес дұрыс қалыптастыру және жаңа нысандарға көшу кезіндегі қателіктер тәуекелін азайту арқылы компаниялар мен кәсіпкерлерге жаңа жағдайларда сенімді жұмыс істеуге көмектеседі. FChain цифрлық шешімдерін пайдалану бизнеске есептілік пен салықтық сәйкестік мәселелерін сенімді жүйеге тапсырып, дамуға назар аударуға мүмкіндік береді.
Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
2026 жылдан бастап салықтық есептілікті кері қайтарып алуға тыйым салынады
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
25 желтоқсан 2025 жыл
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз