Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бизнесті білікті заңгерлік көмексіз жүзеге асыру мүмкін емес. Кәсіпкерлер компанияның сол не өзге заңгерлік мәселелерін шешуді ғана көздейді. Көп жағдайда ағымдағы процестерге басты назар аударылғандықтан кемшіліктер туындап жатады. Осының нәтижесінде компания ауыр зардаптарға тап болуы мүмкін.
Мұндай қиындықтарды болдырмау үшін кәсіпкерлер көбінеки бағасы жоғары заңгерлік көмекке жүгініп отырады, бұл бизнесті жүргізуде айтарлықтай шығындарға әкеп соқтырады. Алайда мұның экономикалық тұрғыдан анағұрлым тиімді және ыңғайлы шешімі бар, ол – құқықтық аудит. Құқықтық аудит заңды тұлғалардың құжаттамасын сол елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес кешенді тексеру және қызметіне құқықтық талдау жүргізуді білдіреді.