Келісімшарттармен жұмыс істеу, соның ішінде АХҚО қатысушыларымен жұмыс істеу
- Кез келген келісімшарттарды үш тілде дайындау (қазақ, орыс, ағылшын).
- Клиенттің келісімшарттарымен жұмыс істеу – түзету, өзгерістер енгізу, кеңес беру.
- Келісімшарттарды заң тұрғысынан талдау, келісімшарттардың кез келген талаптарына өзгерістер енгізу және соған байланысты қосымша келісімдер әзірлеу.
- Бейрезиденттермен жасасқан келісімшарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына бейімдеу.
- Келісімшарттарды жасасумен, орындаумен, өзгертумен және бұзумен байланысты сотқа дейінгі дауларды шешу.
Еңбек қатынастары, оның ішінде АХҚО қатысушыларының еңбек қатынастары
- Еңбек құқығы саласында кеңес беру.
- Еңбек шарттарын және оларға сәйкес қосымшаларды әзірлеу.
- Кадрлық құжаттарды құрастыру және онымен байланысты кеңес берулер.
- Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібі, сондай-ақ мұнымен байланысты дауларды шешу.
Салық заңнамасы саласында кеңес беру
- Салық салу
- Салықтық тексерулерді сүйемелдеу
- Салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау
- Салықтық тексерулер барысында мүдделерді таныту және қорғау