Кәсіпкерлерге құқықтық қолда

Компанияға кешенді заң қызметтерін көрсету немесе заңды аутсорсинг – бұл компанияда туындап отыратын заң мәселелерін шешу бойынша кең ауқымды заң қызметтерін ұсыну. Кәсіпкерде білікті заңгердің көмегінсіз шаруашылық, салықтық, әкімшілік және тіпті қылмыстық мәселелердің туындау тәуекелдері пайда болып отыратын жағдайлар жиі кездеседі, бұл ретте заңгерді толық ақыға жалдаудың бизнес қажеттігі жоқ, ал жекелеген өтінімдер шеңберінде өзара іс-қимыл жасау қанағаттандырарлықсыз және қымбат іс-шара болып табылады. Бұл тұрғыда заңды аутсорсинг компаниядағы көптеген елеулі мәселелердің шешімін айтарлықтай жеңілдетіп немесе оларды мүлде болдырмауы мүмкін.

FChain заңды сүйемелдеу жинақтарының бірін сатып алу арқылы Сіз сонымен қатар оның мазмұнын төмендегі көрсетілетін қызметтерге негізделе отырып өзіңіз құрастыра аласыз:

  • Қазақстан заңнамасы бойынша ауызша және жазбаша кеңес берулер;
  • келісімшарттарға сараптама жасау және қорытындыларын ұсыну;
  • мәмілелердің, құжаттардың құқықтық аудиті;
  • келісімшартты дайындау/құрастыру;
  • контрагенттермен жұмыс, мәміленің талаптарын даулау (келісімшарттарды жасасу кезіндегі көмек/сүйемелдеу);
  • мәмілені құжаттық рәсімдеу қызметтері;
  • мемлекеттік органдарға сұратуларды, өтініштерді құрастыру;
  • хаттармен, наразылықтармен жұмыс;
  • контрагенттерге құқықтық баға беру;
  • заң қорытындыларын жасау.

 

Ұсынылған жинақтармен қатар біз әрдайым қызмет көрсетудің жеке талаптарын қарастыруға және тиімді ұсыныс жасауға дайынбыз.

Біз Қазақстанда әкімшілік, азаматтық, еңбек құқығы саласында, басқа да да көптеген бағыттағы кез келген қызмет түріне арнап заң қызметтерінің кең спектрін ұсынамыз және қызмет көрсету кезіндегі толық құпиялылыққа кепілдік береміз. Біздің халықаралық тәжірибеге ие мамандарымыз кез келген мәселелерді Сіздің уақытыңызды, жүйкеңіз бен қаражатыңызды үнемдей отырып шешуге көмектеседі. Сіз бізден Өзіңіздің қалауыңызға қарай ыңғайлы уақытта және лайықты форматта барынша жайлы ынтымақтастық жағдайларын табасыз.

FChain халықаралық нарықта беделі мінсіз және табысты компания болып табылады. Біз компанияның мінсіз беделін жоғары бағалаймыз, сондықтан командамыздың негізгі басымдығы Клиенттің қанағаттануы, кәсіби шеберлік, сапалы әрі уақытында қызмет көрсету болып табылады. Қызметтеріміздің жоғары сапасы жағымды бағалармен бірге Сізді қуантатын болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда бизнесті заңды сүйемелдеу компанияның тұрақтылығы мен табысқа ие болуын қамтамасыз етудің ыңғайлы аспабы болып табылады, осыған байланысты біз дәл Сізге лайық келетін бизнесті кешенді сүйемелдеудің бірнеше нұсқасын әзірледік және оны Сізге ұсынуға қуаныштымыз:

FChain LIGHT
From
350 USD

кәсіпқой заңгердің жұмыс уақытының 10 адам-сағаты, Тапсырыс берушімен жеке уағдаластық бойынша

Примерное содержание пакета, при этом наполнение может быть иным, индивидуально для Вашего бизнеса:

  • Составление и/или экспертиза до 3 юридических документов из расчета, что объем документа не превышает 20 страниц (число знаков с пробелами 1800 на одну страницу);
  •  2 юридические консультации на русском или английском языках.
FChain MEDIUM
From
525 USD

кәсіпқой заңгердің жұмыс уақытының 15 адам-сағаты, Тапсырыс берушімен жеке уағдаластық бойынша

Примерное содержание пакета, при этом наполнение может быть иным, индивидуально для Вашего бизнеса:

  • Составление и/или экспертиза до 4 юридических документов из расчета, что объем документа не превышает 20 страниц (число знаков с пробелами 1800 на одну страницу);
  • 3 юридические консультации на русском или английском языках.
FChain STRONG
From
700 USD

кәсіпқой заңгердің жұмыс уақытының 20 адам-сағаты, Тапсырыс берушімен жеке уағдаластық бойынша

Пакеттің үлгілік құрамы, бұл ретте оның құрамы Сіздің бизнесіңізге байланысты өзгеше толықтырылуы мүмкін:

• әр құжаттың көлемі 20 беттен аспайтын (бір беттегі бос орындармен таңба саны 1800) саны 6-ге дейін заң құжаттарын құрастыру және/немесе сараптау;
• орыс немесе ағылшын тілдеріндегі саны 5-ге дейін заңгерлік кеңес беру;

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз