• Басты бет
  • Қазақстанда заңды тұлғаларды тіркеу қағидаларына енгізілген өзгерістер: 2026 жылғы жаңа талаптар

Қазақстанда заңды тұлғаларды тіркеу қағидаларына енгізілген өзгерістер: 2026 жылғы жаңа талаптар

Заңды тұлғаларды тіркеудегі өзгерістер

2025 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді.
Бұл өзгерістер бақылауды күшейтуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және компанияларды тіркеу кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

 Құрылтайшының жеке қатысуы міндеттеледі

Негізгі өзгерістердің бірі — жаңа талаптың енгізілуі: тіркеуші органның ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондайақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу құрылтайшының міндетті түрде жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

Бұл талап қаржылық мониторинг шараларын күшейту және жоғары тәуекел тобына жатуы мүмкін компанияларды тіркеудің алдын алу мақсатында енгізілді.

Компанияның орналасқан жерін растау

Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар электрондық өтінім берген кезде компанияның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері жылжымайтын мүлік иесінің келісімімен расталуы тиіс.

Мекенжайдың дұрыстығы енді мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы автоматты түрде тексеріледі. Тексеру барысында жүйе:

  • көрсетілген мекенжайдың «Мекенжай тіркелімінде» бар-жоғын;
  • жылжымайтын мүлік нысанының санатын — Адрестеу қағидаларына сәйкес — анықтайды.

 Заңды тұлғаларды қайта тіркеу: жеке қатысу талап етіледі

Қайта тіркеу қағидалары да толықтырылып, белгілі бір жағдайларда құрылтайшының қайта тіркеуге жеке қатысуы міндеттелді.

Бұл талап келесі жағдайларда деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған:

  • қатысушылар құрамының өзгеруі;
  • заңды мекенжайдың өзгеруі;
  • басшының ауысуы;
  • қызмет түрінің өзгеруі.

 Өзгерістердің күшіне ену мерзімі

Барлық өзгерістер 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

 Бизнес үшін нені білдіреді?

  • Тәуекел анықталған жағдайларда коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу күрделенеді.
  • Процестер мекенжайды автоматты тексеру есебінен анағұрлым ашық болады.
  • Компанияның орналасқан жерін растауға қойылатын талаптар күшейеді.
  • Қайта тіркеуге бақылау күшейтіліп, ақпаратты заңсыз өзгерту қаупі азаяды.

FChain: бизнесті тіркеу бойынша кәсіби қолдау

FChain компаниясы заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу бойынша толық қызмет көрсетеді:

  • құжаттардың толық топтамасын дайындау;
  • жаңа заң талаптарына сәйкес кеңес беру;
  • мекенжайды растауға қолдау көрсету;
  • қажет болған жағдайда құрылтайшының келуін ұйымдастыру;
  • филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуге сүйемелдеу.

Біз заңнамалық өзгерістерді үнемі бақылауда ұстаймыз және Қазақстанда бизнесті қауіпсіз әрі тиімді ашуға көмектесеміз.

Кәсіби кеңес алу үшін almaty@f-chain.com электрондық поштасы арқылы немесе WhatsApp: +7 771 214 1820 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

  2026 жылдан бастап компанияны тарату және қайта ұйымдастырудың жаңа ережелері

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан
28 қараша 2025 жыл

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз