Уақытша тұруға рұқсат

Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алу (УТР) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан аумағында ұзақ мерзімге болуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте УТР алу үшін нақты мақсат болу тиіс:

  • Жұмыс, емдеу, оқу
  • Отбасымен кездесу
  • Бизнесті ашу және жүргізу
  • Миссионерлік қызмет

УТР алудың ең көп таралған тәсілдерінің бірі – еңбек шартын жасасу. УТР жыл сайынғы ұзарту мүмкіндігімен еңбек шартының қолданылу кезеңіне 1 жылға беріледі, бұл ретте УТР ұзарту саны бойынша шектеулер жоқ. Жұмысқа тұру рұқсатынсыз жұмысқа орналасу барлық шетелдік азаматтар үшін қол жетімді емес екенін және жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат талап етілмейтін адамдардың тізімі бар екенін атап өткен жөн. Толығырақ кеңесті біздің мамандардан ала аласыз!

УТР алу кезіндегі маңызды ерекшеліктер:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша тұруға рұқсат алған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті дактилоскопиялық тіркеуге тұрады;
  • УТР Қазақстан аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге және жылжымайтын мүлікке иелік етуге құқық бермейді;
  • Егер шетел азаматы жұмыс орнын өзгертсе, ол 15 күн ішінде УТР-ды жаңартуы керек;
  • Егер шетелдік өзінің жалақысынан пайыздарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударса, онда ол қазақстандықтармен тең дәрежеде мемлекеттік емханаларда медициналық көмектің барлық көлемін ала алады;
  • УТР баланы мектепке орналастыру құқығын береді;
  • Қазақстан Республикасында визасыз кіруге және болуға тәртібінде халқаралық ратифицироваланған келісім шарт бар елдердің азаматтары, “Астана” халықаралық қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар олардың отбасы мүшелеріне УТР 1 жылға созу мүмкіндігімен рәсімделеді, бірақ еңбек шартының жармдылығынан аспау керек.
  • УТР-ды отбасы мүшелеріне ресімдеуге болады, бұл ретте 16 жасқа дейінгі балаларға УТР талап етілмейді;
  • Шетелдік азаматтың УТР мерзімі өткеннен кейін уақтылы кетпеуі, шетелдік азаматқа да, жұмыс берушігеде 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

FChain УТР алу аясында кәсіби көмек көрсетеді. Бізбен бірге өтінім беру үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау жедел және айқын болады, ал мемлекеттік қызмет көрсету фактісі бойынша оң нәтижені ұзақ күтуге мәжбүр етпейді!

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз