Соңғы жылдары Қазақстан компанияларды көшіру үшін танымал бағытқа айналды, алайда 2024–2025 жылдардан бастап шетелдіктерге арналған көші-қон және тіркеу рәсімдері айтарлықтай қатаңдатылды.
ЖСН: ЖСН-сыз компанияны тіркеу, банк шотын ашу немесе мемлекеттік қызметтер алу мүмкін емес. 2024 жылдың ақпанынан бастап оны тек Қазақстандағы ХҚКО-да немесе шетелдегі Қазақстан консулдығында (инвесторлар, қазақстандық азаматтардың жұбайлары және digital nomad сияқты шектеулі тұлғалар санаты үшін) жеке өзі ғана ала алады. Сенімхат арқылы тек деректерді өзгертуге рұқсат етіледі.
ЭЦҚ: 2025 жылдың маусымынан бастап ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) тек жеке өзі немесе биометриялық сәйкестендіруден кейін беріледі. Өкіл арқылы ЭЦҚ алу жойылды. Сонымен қатар, ЭЦҚ салық органдары, мемлекеттік қызметтер және банк операциялары үшін қажет — іс жүзінде онсыз компания қызметі мүмкін емес. Қолтаңбаны ұзарту онлайн қолжетімді болып қала береді.
Виза және уақытша тұруға рұқсат: шетелдік құрылтайшылар С5 санатындағы визаны немесе уақытша тұруға рұқсатты (ЕАЭО және кейбір ТМД елдерінің азаматтарына) алуы тиіс. Алғашқы С5 визасы 90 күнге беріледі және бір жылға ұзартылуы мүмкін. Практикада жиі ескерілмейтін маңызды мәселе: С5 визасын ұзарту шетелдік азамат Қазақстан аумағында болған кезде ғана мүмкін.
Негізгі өзгерістер – жеке қатысу талабы: ЖСН алу, ЭЦҚ рәсімдеу, визаны немесе УТР-ды ұзарту үшін. Бұл мерзімдерді (бір ай немесе одан да көп) ұзартады және бір мезгілде бірнеше елде бизнес жүргізетін кәсіпкерлер үшін қиындықтар туғызады. Сонымен қатар, бұл шаралар мемлекеттің шетелдік капитал мен көші-қон ағындарына бақылауды күшейтуге ұмтылысын көрсетеді.
FChain KZ осы процестерді сүйемелдеуді, кідірістердің тәуекелдерін азайтуды және бизнесті жаңа заң талаптарына бейімдеуге көмектесуге дайын.
Мақаланы дайындағандар:
Сергей Гайдаров пен Динара Калижарова,
Заң департаменті
FChain Қазақстан