• Басты бет
  • Кадрлық есеп: бизнес үшін маңыздылығы - FCHAIN

Кадрлық есеп: бизнес үшін маңыздылығы - FCHAIN

Кадрлық есеп: бизнес үшін маңыздылығы

Кадрлық есеп — персоналды басқарудың және бизнестің құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Қызмет саласына немесе қызметкерлер санына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы әрбір жұмыс беруші еңбек қатынастарын еңбек заңнамасына сәйкес рәсімдеуге және кадрлық құжаттаманы талаптарға сай жүргізуге міндетті.

Кадрлық есептің дұрыс ұйымдастырылуы заң талаптарын сақтауға ғана емес, сонымен қатар құқықтық тәуекелдерді азайтуға, ішкі үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге және жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

 

Кадрлық есепке не кіреді

Кадрлық есеп қызметкерді жұмысқа қабылдаудан бастап еңбек шартының тоқтатылуына дейінгі еңбек қатынастарының барлық кезеңдерін қамтиды. Кадрлық сүйемелдеу қызметіне мыналар кіреді:

  1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық әкімшілендірудің толық циклін жүргізу;
  2. еңбек шарттарын (оның ішінде жеке еңбек шарттары бойынша консультациялар), толық материалдық жауапкершілік туралы шарттарды, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді және еңбек шартын бұзу туралы келісімдерді дайындау және рәсімдеу;
  3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау, ауыстыру, іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, сыйақы төлеу, жұмыстан босату және басқа да кадрлық рәсімдер бойынша жұмыс берушінің бұйрықтарын дайындау, рәсімдеу және қызметкерлерді олармен таныстыру;
  4. еңбек кітапшаларын заңнама талаптарына сәйкес толтыру және жүргізу (қызметкердің талабы бойынша, еңбек қызметін электрондық есепке алу жүйесін ескере отырып);
  5. Enbek.kz ақпараттық жүйесіне мәліметтерді уақтылы енгізу;
  6. қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу;
  7. сұраныс бойынша штат кестесін дайындау (Қазақстанда штат кестесін жүргізу міндетті емес, алайда жұмыс беруші оны әзірлеуге құқылы).

Кадрлық есептің дұрыс ұйымдастырылуы кадрлық ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді, еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға ықпал етеді, кадрлық тәуекелдерді азайтады және жұмыс берушіге заңнамадағы өзгерістер мен ішкі кадрлық үдерістерге уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

 

Кадрлық есептің стратегиялық маңызы

Кадрлық есептің жүргізілмеуі немесе тиісінше ұйымдастырылмауы бизнес үшін елеулі салдарға әкелуі мүмкін. Кадрлық құжаттамадағы қателіктер әкімшілік жауапкершілікке, еңбек дауларына, қаржылық шығындарға, мемлекеттік органдардың талаптарына және сот процестеріне себеп болуы ықтимал. Сонымен қатар, кадрлық құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі тексерулер кезінде, еңбек қатынастарын растауда және жұмыс берушінің құқықтық мүдделерін қорғауда қиындықтар туғызады. Сондықтан кадрлық есепті тек формалды міндет ретінде емес, құқықтық және кадрлық тәуекелдерді басқарудың маңызды құралы ретінде қарастырған жөн. Кәсіби ұйымдастырылған кадрлық есеп:

  1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауға;
  2. айыппұлдар мен нұсқамалар тәуекелін азайтуға;
  3. еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеуге;
  4. кадрлық үдерістердің ашықтығын арттыруға;
  5. мемлекеттік тексерулерден сәтті өтуге;
  6. еңбек дауларының алдын алуға;
  7. ішкі HR үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Кадрлық есеп әсіресе қызметкерлер саны көп компаниялар, шетелдік компаниялар және қарқынды дамып келе жатқан бизнес үшін ерекше маңызды. Мұндай жағдайда кәсіби кадрлық сүйемелдеу құқықтық тәуекелдерді азайтуға, заңнама талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге және кадрлық құжаттарды түзетуге байланысты шығындардың алдын алуға көмектеседі.

 

Компаниялар неге кадрлық аутсорсингті таңдайды

Қазіргі таңда көптеген компаниялар кадрлық есепті жүргізуді мамандандырылған ұйымдарға сеніп тапсырады. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға, жеке кадр бөлімін ұстауға кететін шығындарды қысқартуға және еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

Кадрлық аутсорсинг кәсіби сараптаманы, заңнамадағы өзгерістер бойынша жедел қолдауды және кадрлық тәуекелдерді тиімді басқаруды қажет ететін компаниялар үшін тиімді шешім болып табылады.

 

FChain кадрлық қызметтері

FChain Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнесті кешенді кадрлық сүйемелдеу қызметтерін ұсынады. Біздің қызметтеріміз:

Біздің мамандар кадрлық құжаттарды уақытылы рәсімдеуді қамтамасыз етеді, кадрлық тәуекелдерді азайтуға көмектеседі және барлық кадрлық үдерістердің қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Кадрлық есепті FChain компаниясына сеніп тапсырсаңыз, сіз бизнесіңізді дамытуға назар аударасыз, ал біз сіздің компанияңызға кәсіби кадрлық сүйемелдеуді қамтамасыз етеміз.

 

Қазақстанның Еңбек және Әлеуметтік кодекстеріне енгізілген жаңа түзетулер

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

📩 almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз