• Басты бет
  • Сәйкессіздіктер туралы хабарлама: мерзімдер, салдарлар және әрекеттер - FCHAIN

Сәйкессіздіктер туралы хабарлама: мерзімдер, салдарлар және әрекеттер - FCHAIN

Сәйкессіздіктер туралы хабарлама: мерзімдер, салдарлар және әрекеттер

Қазақстан Республикасының салық органдары көшпелі салықтық тексеру жүргізбестен, салық есептілігіндегі сәйкессіздіктерді анықтауға бағытталған камералдық бақылауды жалғастыруда. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда салық төлеушіге заңнамада белгіленген мерзімде орындалуға тиіс хабарлама жолданады. Төменде камералдық бақылаудың мәнін және салық органының хабарламасын орындамаған жағдайда туындауы мүмкін салдарларды қарастырамыз.

 

Камералдық бақылау дегеніміз не?

Камералдық бақылау – салық органдары мемлекеттік органдардың иелігіндегі салық есептілігіне, мәліметтерге және құжаттарға талдау жүргізу арқылы жүзеге асыратын салықтық бақылау нысаны. Оның негізгі мақсаты – салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуге және қатаң бақылау шараларын қолданбай-ақ салық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру. Камералдық бақылау барысында келесі ақпарат көздері салыстырылады:

  1. салық декларациялары және өзге де салық нысандары;
  2. мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер;
  3. салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы мемлекеттік органдардың деректері;
  4. заңды ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі туралы өзге мәліметтер.

Бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тиісті салық кезеңі бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

 

Хабарлама қашан жолданады?

Талдау нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаны жолдайды. Мұндай хабарлама көлденең мониторингке қатысушыларды қоспағанда, барлық салық төлеушілерге жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеуші белгіленген мерзімде анықталған сәйкессіздіктерді жоюға немесе ұсынылған салық есептілігінің дұрыстығын растайтын түсіндірмелер мен қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті.

 

Хабарлама орындалмаса не болады?

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаны орындамау салық органдары тарапынан шектеу шараларының қолданылуына әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, заңнамада келесі салдарлар көзделген:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-платформасына қолжетімділікті шектеу;
  2. салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын хабарламаны орындау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру;
  3. хабарламаны орындау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бір жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру құқығын тоқтата тұру.

Мұндай шектеулер компания қызметіне елеулі әсер етіп, контрагенттермен есеп айырысуды қиындатуы және шарттық міндеттемелердің орындалуын кешіктіруі мүмкін.

 

Неліктен уақытылы әрекет ету маңызды?

Хабарлама алу автоматты түрде санкциялардың қолданылуын білдірмейді. Камералдық бақылау салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктерді көшпелі салықтық тексеру жүргізілмей-ақ ерікті түрде жою мүмкіндігін береді. Сондықтан анықталған сәйкессіздіктердің себептерін жедел талдап, салық есептілігін тексеріп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізу немесе негізделген түсіндірмелер ұсыну маңызды. Хабарламаны уақытылы орындау банктік шоттар бойынша операциялардың тоқтатылуына, ЭШФ жазып беру бойынша шектеулерге және бизнес үшін өзге де жағымсыз салдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.

 

FChain — Қазақстандағы бизнесті кешенді сүйемелдеу

FChain мамандары компаниялар мен кәсіпкерлерге салықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша кешенді қолдау көрсетеді. Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:

Егер сіздің компанияңыз камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған болса немесе Қазақстанда бизнес тіркеуді жоспарлап отырсаңыз, FChain салық салу, бухгалтерлік есеп, заңды тұлғаларды тіркеу және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 

 Қазақстандағы әлеуметтік реформа 

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

📩 almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз