- Басты бет
- Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдер - FCHAIN
Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдер - FCHAIN
Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдер
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін енгізу аясында салық заңнамасын қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің 20-отырысында жеке табыс салығы бойынша базалық және әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану мәселелері қаралды. Қабылданған шешімдер еңбекақы есептеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер үшін де, салықтық жеңілдіктерді пайдаланатын жеке тұлғалар үшін де маңызды.
Базалық салықтық шегерім: пайдаланылмаған сома келесі кезеңге ауыстырылмайды
Жаңа Салық кодексінің негізгі жаңалықтарының бірі – ай сайынғы 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі базалық салықтық шегерімнің енгізілуі, бірақ күнтізбелік жыл ішінде 360 АЕК-тен аспайды. Бұл шегерім жеке тұлғаның салық салынатын табысын азайтып, төленуге жататын жеке табыс салығының мөлшерін төмендетеді. Отырыс барысында қызметкердің табысы тиісті салықтық шегерім мөлшерінен төмен болған жағдайда оның қалай қолданылатыны талқыланды. Бұрынғы Салық кодексінде пайдаланылмаған шегерім сомасын сол күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға көшіруге мүмкіндік берілген болатын. Алайда жаңа Кодексте мұндай норма қарастырылмаған.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бұрынғы тәртіпті сақтауды ұсынды. Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жаңа норманың мақсаты базалық салықтық шегерімді азаматтарға ай сайын көрсетілетін салықтық қолдау шарасы ретінде қолдану екенін түсіндірді. Сондықтан базалық шегерім әрбір күнтізбелік айға жеке қолданылады және пайдаланылмаған бөлігі келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды. Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті осы ұстанымды растайтын ресми түсіндірмелер әзірлейтін болды.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер: бірыңғай тәртіп әзірленеді
Отырыста жеке табыс салығы бойынша әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану мәселелері де қаралды. Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік шегерімдер:
- ~ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 5 000 АЕК;
- ~ III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына, асырап алушыларға, патронат тәрбиешілерге және қорғаншыларға – 882 АЕК мөлшерінде беріледі.
Қолданыстағы Салық кодексі жұмыс орнын ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған әлеуметтік шегерімнің қалдығын қолдануға мүмкіндік береді. Алайда жеке тұлға бір мезгілде бірнеше жұмыс берушімен еңбек қатынасында болған жағдайда мұндай шегерімді қолдану тәртібі нақты реттелмеген.
Отырысқа қатысушылар мұндай құқықтық айқындықтың болмауы нормаларды әртүрлі түсіндіруге және оларды теріс пайдалану тәуекеліне алып келуі мүмкін екенін атап өтті.
Осыған байланысты Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетіне әлеуметтік шегерімдердің әлеуметтік мақсатын сақтай отырып, оларды теріс пайдалануға жол бермейтін бірыңғай тәсілді әзірлеу тапсырылды.
Жұмыс берушілер нені ескеруі қажет
Қабылданған шешімдер еңбекақыны есептеу және жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібіне тікелей әсер етеді. Сондықтан жұмыс берушілерге уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелерін бақылап, ішкі есептеу рәсімдерін уақытылы жаңарту ұсынылады.
Ерекше назар аудару қажет:
- базалық салықтық шегерімді әрбір күнтізбелік ай бойынша жеке қолдануға;
- әлеуметтік салықтық шегерімдерді заңнама талаптарына сәйкес дұрыс есептеуге;
- ресми түсіндірмелер жарияланғаннан кейін бухгалтерлік және кадрлық жүйелерді жаңартуға;
- әлеуметтік жеңілдіктерге құқығы бар қызметкерлер бойынша салықтық тәуекелдерді бақылауға.
Жаңа талаптарды уақытылы енгізу есептеу қателерінің алдын алып, салықтық тәуекелдерді азайтуға және жаңа Салық кодексінің талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
FChain – салықтық, кадрлық және корпоративтік мәселелер бойынша кәсіби қолдау
Салық заңнамасындағы өзгерістер компаниялардың ішкі процестерін уақытылы бейімдеуді талап етеді. FChain бизнесті тіркеуден бастап бухгалтерлік және кадрлық есепті жүргізуге дейінгі барлық кезеңде кешенді қолдау көрсетеді. Біздің қызметтеріміз:
- Қазақстанда бизнесті тіркеу (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, филиалдар және шетелдік компаниялардың өкілдіктері);
- Қазақстан Республикасының Салық кодексін қолдану бойынша консультациялар;
- бухгалтерлік есеп жүргізу және еңбекақыны есептеу;
- кадрлық сүйемелдеу және кадрлық аутсорсинг;
- корпоративтік заңгерлік сүйемелдеу;
- шетелдік компанияларды еңбек және көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша сүйемелдеу.
FChain мамандары компанияны тіркеуге, бухгалтерлік және кадрлық процестерді заң талаптарына сәйкес ұйымдастыруға, заңнамадағы өзгерістерді уақтылы енгізуге және құқықтық әрі салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға көмектеседі.
Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алу: ережелер жаңартылды
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз