- Басты бет
- 2026 жылғы ТІЖ және ЭШФ бойынша өзгерістер - FCHAIN
2026 жылғы ТІЖ және ЭШФ бойынша өзгерістер - FCHAIN
2026 жылғы ТІЖ және ЭШФ бойынша өзгерістер
Қазақстанда электрондық құжат айналымы жүйесін жаңғырту жалғасуда. Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржы министрлігі ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) және электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) нысандарына, сондай-ақ оларды рәсімдеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңашылдықтар ЭШФ ақпараттық жүйесінде іске асырылды және бухгалтерлердің, кәсіпкерлердің әрі электрондық құжаттармен жұмыс істейтін компаниялардың назарын талап етеді.
ТІЖ–ға енгізілген өзгерістер
Жаңартылған ілеспе жүкқұжат нысанында келесі өзгерістер енгізілді:
- G–G10 бөлімдеріндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді;
- G6, G7 және G10 бөлімдеріне міндетті «Тауар коды» өрісі қосылды.
Бұл өзгерістер тауарларды нақты сәйкестендіруге және құжаттарды ресімдеуді біріздендіруге бағытталған.
ЭШФ нысанында не өзгерді
Электрондық шот-фактура нысанына да бірқатар өзгерістер енгізілді.
1. G бөліміндегі өзгерістер
G бөліміндегі бағандардың нөмірленуі өзгертілді.
2. Жеткізуші санаттары жаңартылды
«В» бөліміндегі жеткізуші санаттарынан төмендегілер алынып тасталды:
- ~ жеке сот орындаушысы;
- ~ медиатор;
- ~ нотариус.
«С» бөліміндегі жеткізуші санаттарынан төмендегілер алынып тасталды:
- ~ адвокат;
- ~ жеке сот орындаушысы;
- ~ медиатор;
- ~ нотариус.
3. «Шарт бойынша төлем талаптары» өрісі «Есеп айырысу тәсілі» өрісіне ауыстырылды
Ең маңызды өзгерістердің бірі – «Е. Шарт (келісімшарт)» бөліміндегі 28-өрістің атауы мен оны толтыру тәртібінің өзгеруі. Енді «Шарт бойынша төлем талаптары» өрісінің орнына міндетті түрде толтырылатын «Есеп айырысу тәсілі» өрісі қолданылады. Бұл өрісте тек екі мәннің бірі көрсетіледі:
- ~ Қолма-қол;
- ~ Қолма-қолсыз.
Өрістің атауы ғана емес, оны толтыру тәртібі де өзгерді. Сондықтан электрондық шот-фактураны рәсімдеу кезінде жаңа талаптарды сақтау қажет.
ЭШФ жазып беру қағидалары
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактураларды жазып беру жөніндегі жаңа қағидалар күшіне енді. Қағидаларда мыналар айқындалған:
- ЭШФ-ның өзекті нысаны;
- құжат мәртебелері;
- операция түрлері;
- электрондық цифрлық қолтаңба және биометриялық сәйкестендіру арқылы растау талаптары;
- электрондық шот-фактураның құрылымы;
- міндетті деректемелерді толтыру тәртібі.
Осыған байланысты электрондық шот-фактураларды пайдаланатын барлық ұйымдар құжаттарды жаңартылған талаптарға сәйкес рәсімдеуі тиіс.
1С жүйесіндегі жаңарту
«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия» 3.0 редакциясының пайдаланушылары үшін де жаңарту шығарылды. 2026 жылғы 10 шілдеде 3.0.73.1 шығарылымына арналған EF_00_00063749 патчы жарияланып, онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЭШФ мен ТІЖ бойынша барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Компанияларға электрондық құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктерге жол бермеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жаңарту ұсынылады.
Бұл бизнес үшін нені білдіреді
ТІЖ мен ЭШФ нысандарының жаңартылуы компаниялардың ішкі бизнес-процестерін және есеп жүйелерінің жаңа талаптарға сәйкестігін қайта қарауды талап етеді. Ескірген үлгілерді пайдалану немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді уақытылы жаңартпау құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктерге және бақылаушы органдар тарапынан қосымша сұрақтардың туындауына әкелуі мүмкін. Жаңашылдықтарға уақытылы бейімделу салықтық есептің дұрыстығын қамтамасыз етуге, тәуекелдерді азайтуға және бизнестің үздіксіз жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.
FChain – бизнесті кешенді сүйемелдеу
FChain Kazakhstan мамандары компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес қызмет жүргізуге көмектеседі. Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу;
- бухгалтерлік және салықтық сүйемелдеу;
- салықтық, статистикалық және қаржылық есептілікті дайындау және тапсыру;
- кадрлық әкімшілендіру және HR сүйемелдеу;
- бизнесті құқықтық сүйемелдеу;
- салықтық және корпоративтік құқық мәселелері бойынша консультациялар;
- шетелдік компанияларды сүйемелдеу, оның ішінде Employer of Record (EOR) қызметтері, жұмысқа рұқсаттарды рәсімдеу және визалық қолдау.
Егер сіздің бизнесіңізге бухгалтерлік, кадрлық немесе құқықтық сүйемелдеу бойынша сенімді серіктес қажет болса, FChain командасы сіздің компанияңыздың қажеттіліктеріне бейімделген кешенді шешімдерді ұсынуға дайын.
Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер: жаңа бастамалар мен салықтық жеңілдіктер
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
📩 almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз