• Басты бет
  • ЭШФ: жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК үшін рәсімдеу тәртібі - FCHAIN

ЭШФ: жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК үшін рәсімдеу тәртібі - FCHAIN

ЭШФ: жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК үшін рәсімдеу тәртібі

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді, ол қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдану және электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) рәсімдеу тәртібін айтарлықтай өзгертеді. Бұл өзгерістер жалпыға бірдей белгіленген салық режимін (ЖБР) қолданатын жеке кәсіпкерлерге (ЖК) қалай әсер ететінін қарастырайық.

 

ҚҚС төлеуші кім болып саналады

2026 жылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі өзгеріссіз қалады — жылдық айналым 10 000 АЕК.

ЖБР қолданатын жеке кәсіпкер:

  • шекті деңгейден асқан жағдайда ҚҚС бойынша тіркелуге міндетті;
  • табысы төмен болса да ерікті түрде тіркеле алады.

Маңызды өзгеріс арнайы салық режимдеріне қатысты:

Жеңілдетілген декларация негізіндегі СНР қолданатын жеке кәсіпкер айналымына қарамастан ҚҚС төлеуші болып танылмайды. Осылайша, ҚҚС төлеушілер тек ЖБР қолданатын жеке кәсіпкер болуы мүмкін.

 

ЭШФ жазу міндеті

Жаңа Салық кодексінің 207-бабына сәйкес, ҚҚС төлеушілер ЭШФ-ны жалпы тәртіппен жазуға міндетті.

Алайда бұл міндет тек ҚҚС төлеушілермен шектелмейді.

208-бапқа сәйкес, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер де келесі жағдайларда ЭШФ жазуға міндетті:

  1. «Виртуалды қойма» модулінде есепке алынатын тауарларды сату;
  2. халықаралық тасымалдар;
  3. сыртқы экономикалық қызметке қатысу;
  4. заңнамада көзделген өзге де жағдайлар.

 

Қай кезде ЭШФ қажет емес

ЭШФ рәсімдеу егер, жеке тұлғалармен есеп айырысу ККМ чектерімен расталса, төлем құжаттары қолданылса, операция заңнамадағы ерекшеліктерге жатса талап етілмейді.

 

ЭШФ рәсімдеу тәртібі

ЭШФ тек электронды түрде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ИС ЭШФ) арқылы рәсімделеді (209-бап).

Қағаз түрінде тек ерекше жағдайларда:

  1. интернет болмаған кезде;
  2. техникалық ақаулар кезінде;
  3. заңда көзделген басқа жағдайларда рұқсат етіледі.

 

ЭШФ жазу мерзімдері

Жалпы мерзім: айналым жасалған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.

Арнайы мерзімдер:

  1. келесі айдың 20-сына дейін;
  2. жекелеген операциялар үшін басқа мерзімдер.

 

Жауапкершілік

ЭШФ талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК сәйкес жауапкершілік ескерту және айыппұлдар түрінде қарастырылған.

 

Негізгі қорытынды

ЭСФ жазу міндеті ҚҚС төлеуші мәртебесіне тікелей байланысты емес. Ол операция түріне, сыртқы экономикалық қызметке қатысуына, салық заңнамасының талаптарына байланысты анықталады.

 

FChain бухгалтерлік және салық қызметтері

Шот-фактуралар мен салық есебіндегі қателіктер айыппұлдарға және тексерістерге әкелуі мүмкін. FChain компаниясы келесі қызметтерді ұсынады:

  1. бухгалтерлік және салық есебін жүргізу;
  2. салық есептілігін дайындау және тапсыру;
  3. еңбекақыны есептеу;
  4. ЭШФ-ны уақтылы және дұрыс рәсімдеу;
  5. барлық мәселелер бойынша жедел қолдау.

FChain — бұл жай ғана қызмет емес, бұл заңнаманы тұрақты бақылап, тәуекелдерді азайтып, дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауға көмектесетін сенімді серіктес.

 

Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау күшейтілуде

 

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

📩 almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз