• Басты бет
  • 2026 жылғы Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар - FCHAIN

2026 жылғы Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар - FCHAIN

2026 жылғы Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы салық режимі қолданылады. Бұл режим жеке тұлғаларға заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ заңды түрде табыс табуға мүмкіндік береді. Төменде осы режимді кімдердің қолдана алатыны, қандай талаптарды сақтау қажет екені және қандай жағдайларда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті болатыны қарастырылған.

 

2026 жылы кім өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға бола алады

Арнайы салық режимін келесі талаптардың барлығына бірдей сәйкес келетін жеке тұлғалар қолдана алады:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары немесе қандастар болуы;
  2. жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруы;
  4. жалдамалы жұмыскерлерді пайдаланбауы;
  5. ай сайынғы табысы 300 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы.

2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгені құрайды. Демек, ең жоғары айлық табыс: 300 × 4 325 = 1 297 500 теңге.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресми жұмыспен қатар алып жүруге бола ма?

Иә. Қазақстан Республикасының заңнамасы келесі қызмет түрлерін қатар жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  1. еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге;
  2. азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыстар орындауға немесе қызмет көрсетуге;
  3. өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы салық режимін қолдануға.

Мысалы, қызметкер негізгі жұмысымен қатар такси жүргізушісі болып жұмыс істей алады, өзінің пәтерін жалға бере алады немесе рұқсат етілген басқа қызметпен айналыса алады.

Еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша алынған табыстар өзін-өзі жұмыспен қамту режиміндегі табыс құрамына енгізілмейді, өйткені бұл табыстар бойынша салық міндеттемелерін салық агенті орындайды.

Сонымен қатар, қызметкер жұмыстан шығып, сол компанияға бұрынғыдай қызметтерді өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде көрсете бастаса, салық органдары мұны еңбек қатынастарын алмастыру ретінде бағалауы мүмкін.

 

Режимді кімдер қолдана алады

Бұл режимді келесі тұлғалар қолдана алады: зейнеткерлер, жалпыға бірдей салық салу режимін қолданатын ЖШС құрылтайшылары, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар.

 

Режимді кімдер қолдана алмайды

Арнайы салық режимі келесі тұлғаларға қолданылмайды: жеке кәсіпкерлер, шетел азаматтары және тұрақты тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, 18 жасқа толмаған тұлғалар, оңайлатылған салық режимін қолданатын ЖШС құрылтайшылары, мемлекеттік қызметшілер.

 

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет пе?

Жаңа режимнің негізгі артықшылықтарының бірі — жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға мәртебесі арнайы мобильді қосымша арқылы алғашқы чек қалыптастырылған айдан бастап автоматты түрде пайда болады. Егер қызмет телекоммуникация желісі жоқ жерде жүзеге асырылса, режимді қолдану басталған күн төлем құжаттарында көрсетілген кезең бойынша айқындалады.

 

Режим қашан тоқтатылады?

Егер күнтізбелік ай ішінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептеліп төленетін табыс болмаса, салық органы тұлғаны осы режимді қолданатын салық төлеуші ретінде есептен шығарады.

 

Қашан жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет?

Арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде (мысалы, табыс шегінен асып кетсе немесе талаптар сақталмаса), жеке тұлға:

  • ~ бес жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынуға;
  • ~ жалпыға бірдей немесе басқа арнайы салық режиміне ауысуға міндетті.

Егер мәміле нәтижесінде табыс 300 АЕК мөлшерінен асатыны алдын ала белгілі болса, хабарлама табыс алынғанға дейін ұсынылуы тиіс. Арнайы салық режимін қолдану тоқтатылатын күн ретінде тиісті хабарлама берілген күннің алдындағы күн есептеледі.

 

Төлемдер қалай есептеледі?

Барлық табыс туралы мәліметтер арнайы мобильді қосымшада көрсетіледі. Әрбір салық кезеңінің қорытындысы бойынша қосымша:

  • ~ алынған табыстың жалпы сомасын;
  • ~ есептелген әлеуметтік төлемдердің сомасын;
  • ~ төлеу туралы хабарламаны қалыптастырады.

Егер хабарлама келмесе, төлем сомасын табыстар тізіліміндегі мәліметтер негізінде өз бетінше есептеуге болады. Жаңа арнайы салық режимі жеке тұлғаларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ рұқсат етілген қызметті заңды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге заңнама талаптарын сақтау, табыс мөлшерін бақылау және қажет болған жағдайда басқа салық режиміне уақтылы көшу маңызды.

 

FChain — Қазақстандағы бизнесті кешенді сүйемелдеу

Бизнесті бастауды, компанияны тіркеуді немесе кәсіпкерлік қызметті дұрыс ұйымдастыруды жоспарлап жүрсіз бе? FChain мамандары барлық ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер бойынша кешенді қолдау көрсетеді. Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:

FChain бизнесіңіздің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етіп, құқықтық және салықтық тәуекелдерді азайта отырып, сізге негізгі қызметіңізді дамытуға мүмкіндік береді. Бизнесіңізге ең тиімді шешімді таңдау үшін FChain командасына хабарласыңыз.

 

Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдер

Дайындаған: Мөлдір Мұхтар

Бизнес дамыту жөніндегі маман

FChain Қазақстан

 almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820

Назад

Ақыл-кеңес

Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз