- Басты бет
- Қазақстандағы маркетплейстерге арналған тыйым салынған және шектеулі тауарлар тізбесі - FCHAIN
Қазақстандағы маркетплейстерге арналған тыйым салынған және шектеулі тауарлар тізбесі - FCHAIN
Қазақстандағы маркетплейстерге арналған тыйым салынған және шектеулі тауарлар тізбесі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда алаңдарында орналастыруға және сатуға тыйым салынған әрі шектеу қойылған тауарлардың бірыңғай тізбесін жариялады. Құжат электрондық коммерция субъектілеріне арналған және маркетплейстер мен интернет-дүкендер арқылы тауарларды өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтауға көмектеседі.
Тізбе Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде әзірленді.
Тізбе не үшін әзірленді
Жаңа тізбеде Қазақстан Республикасының аумағында айналымына толық тыйым салынған немесе заңнамамен шектелген тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде оларды электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге қатысты талаптар біріктірілген.
Тізбені жариялаудың негізгі мақсаты – электрондық сауданың ашықтығын арттыру және нарық қатысушыларын қолданыстағы шектеулер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тізбе кімдерге арналған
Тізбе:
- маркетплейс иелеріне;
- интернет-дүкендерге;
- сатушылар мен жеткізушілерге;
- электрондық сауда операторларына;
- электрондық коммерцияның өзге де қатысушыларына арналған.
Тізбе арқылы нақты бір тауарды орналастыруға және сатуға рұқсат етілетінін алдын ала анықтауға, сондай-ақ тауар карточкаларын жарияламас бұрын заң талаптарын ескеруге болады.
Маркетплейстер мен сатушылар үшін қандай өзгерістер болады
Бірыңғай тізбе электрондық сауда алаңдарына тауарларды модерациялау кезінде бірыңғай тәсілдерді қолдануға және сатылуына тыйым салынған немесе шектеу қойылған өнімдерді орналастыру тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді.
Сатушылар үшін бұл құжат маркетплейстер арқылы тауарларды өткізу мүмкіндігін алдын ала бағалауға және заңнама талаптарын бұзу тәуекелін төмендетуге көмектесетін анықтамалық құрал болады.
Нені ескерген жөн
Сауда және интеграция министрлігі жарияланған тізбенің ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие екенін атап өтті. Ол жаңа тыйымдарды енгізбейді, тек қолданыстағы заңнама талаптарын жүйелеп, оларды пайдалануға қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.
Электрондық сауда саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жүзеге асырады. Заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес құзыретті мемлекеттік орган тарапынан жүзеге асырылады.
Тізбе тұрақты түрде жаңартылып отырады
Министрлік тізбе заңнамаға енгізілетін өзгерістерге және уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратқа сәйкес тұрақты түрде жаңартылатынын хабарлады.
Тыйым салынған және шектеу қойылған тауарлардың ресми тізбесімен мемлекеттік портал арқылы танысуға болады.
FChain — Қазақстандағы бизнесті кешенді сүйемелдеу
Электрондық коммерция саласында жұмыс істеу заңнамадағы өзгерістерді тұрақты бақылауды талап етеді. Егер сіздің компанияңыз маркетплейстер немесе интернет-дүкендер арқылы сауда жүргізсе, FChain бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуді, есептілікті дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнесті кешенді сүйемелдеуді өз мойнына алады. FChain компанияларға жаңа талаптарға уақытылы бейімделуге және құқықтық әрі салықтық тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Біздің қызметтеріміз:
- ЖШС мен ЖК тіркеу және Қазақстанда бизнесті іске қосу бойынша сүйемелдеу;
- маркетплейстер арқылы сауда жүргізетін компаниялардың бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу;
- салықтық, статистикалық және қаржылық есептілікті дайындау және тапсыру;
- маркетплейстерде тауарларды сату талаптары бойынша құқықтық сүйемелдеу және консультациялар;
- кадрлық әкімшілендіру, еңбекақыны есептеу және міндетті төлемдерді есептеу;
- Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялар.
Қазақстандағы бизнесіңізді кәсіби консультациямен және кешенді сүйемелдеумен қамтамасыз ету үшін FChain командасына хабарласыңыз.
2026 жылғы ТІЖ және ЭШФ бойынша өзгерістер
Дайындаған: Мөлдір Мұхтар
Бизнес дамыту жөніндегі маман
FChain Қазақстан
📩 almaty@f-chain.com
📱 WhatsApp: +7 771 214 1820
Ақыл-кеңес
Бізге жазыңыз немесе жақын орналасқан кеңсені табыңыз